Балқаш жаңалықтары 31 қаңтар 2018

Қарағанды облысында 50 адам А гепатитін жұқтырды. Оның 70% — оқушылар. Өңірде бұл аурудың белең алуы байқалады. Балқаштың өзін де 1 жағдай тіркелді. Ал бұл дерттен қалай сақтану қажет? Жалпы алаңдауға негіз бар ма?

Балқашта мемлекеттік сот орындаушылар азаюда.Қазіргі күні олардың қатарында тек 5 маман ғана бар. Ал жыл аяғына дейін екі-үшеуі ғана қалмақ. Соған сәйкес, мемлекеттік сот орындаушылар бір адамға және заңды тұлғарларға қатысты 800-дей істі жеке сот орындаушыларға өткізбек ниетте.

Балықшылар қауіпсіздік ережесін сақтай ма? Әлде немқұрайлы қарай ма? Бүгін құтқарушылар осы сауалға жауап алу үшін көл үстіне тексеріске шықты.

Қазақстанда мекен-жайға уақытша тіркеуді смс арқылы ұзартуға болады. Мерзімнің аяқталуына 1 күн қалғанда үй иесіне және оның баспанасында тіркеуде тұрған азаматқа хабарлама келеді. Бұл қызмет түрі енді енгізілуде.

Еліміз осылайша біртіндеп цифрландардыру кезеңіне өтпек. Ал балқаштықтар тағы қандай қызмет түрлерін үйде отырып алғысы келеді? Біз бүгін осы сұрақпен халық арасына шығып, пікірлерін біліп қайттық.

Балқашта хоккейден мектепаралық қалалық турнир аяқталды. 12 команда екі топқа бөлініп, нөмір 8 бен 2 мектеп-лицей корттарында үздік деген атаққа тырысты. Мұз айдынындағы шешуші кезең қалай өтті, кім чемпион дәрежесін иеленді?

Бүгін балқашта дәстүрге айналған үшінші республикалық турнир басталды. Шаршы алаңға Қазақстанның төрт бұрышынан келген 200-ге тарта жасөспірімдер шықпақ ниетте.Және олар 4 күн бойы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде таразағы түседі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать