Наурыз мерекесіне орй тігілген 24 қанатты хан ордасында көрме басталды. Онда қала тұрғындарына қалалық мұражай қызметкерлері экскурсия ұйымдастырады. Осылайша, келушілер киіз үйді тамашалап қана қоймай, ерте заманда қолданылған тұрмыстық заттармен танысуға мүмкіндік алып отыр. Көшпенділер баспанасының ішіне ата-бабаларымыз қолданған сандық, кебеже, төсек орын секілді жиһаздар қойылған. Әйелдер қауымы пайдаланған күбі, диірмен, қоржын да осында. Сонымен бірге, саятшылық құрып, аң аулаған аңышлардың қаруын, нағыз қасқырдың терісін көзбен көріп, қолмен ұстауға болады. Айта кетейік, көрме 22 наурызға дейін жалғасады.


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login