Еске алу Мекадилов Әлімғазы Оразайұлы

Қимас досымыз, әрі сыныптасымыз Мекадилов Әлімғазы Оразайұлының өмірден өткеніне 40 күн болды. Бүгін өзіңді сыныптас достарың сағынышпен еске аламыз.

Өмір жалған өтпелі екен қас-қағым,

Жанға жара салатұғын, басқа мұң.

Сағынышпен еске аламыз өзіңді,

Жастайыңнан бірге жүрген достарың.

 

Ойнақтап бірге өсіп-ек,

Армандап зор болашақ…

Кеттің сен ерте ортадан,

Қымбатты біздің сыныптас…

 

Мекендегенің жұмақ болсын,

Мінгенің пырақ болсын.

Имандының бірі сенсің,

Қимас досымыз, Әлімғазы.

 

Сағынумен 40 күн болды өткелі,

Жан досымыз есімізден еш кетпеді.

Өзегімізді өртейді бір өкініш,

Жан досымыздың аз-ақ ғұмыр кешкені.

Сағына еске алушылар:

сыныптас достары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать