Қимас досымыз Ибраева Гүлжазира Қуанышбекқызының арамыздан бақилық боп кеткеніне 40 күн болып қалыпты. Қимастықпен сағына еске аламыз.
Әрқашан мейірім шуағы есіп тұратын айдай жүзіңді, аңқылдаған ақкөңіл мінезіңді, күлімдеген бейнеңді аңсаймыз, Жазкен! Біз үшін сенің орының бөлек еді-ау, ешкімнің көңілін қалдырмай, бәрімізді бірдей көруші едің. Ауырып жатып бізді мазаламай, сабыр сақтап, қиналғаныңды білдірмей жатқаныңды көргенде ащы өксік өзегімізді өртеп, саған деген сағыныштан көзімізді булаған ыстық жас әлі кепкен жоқ. Қайтейік, Алланың ісіне не шара бар?!
Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,
Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдыз едің,
Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от-ғұмырың.
Өмір зулар шаршамайды, талмайды,
Бүгініңді ертеңіңмен жалғайды.
Нәзік жүрек өзіңді сағынып,
Сағынышын достарың осы жырмен арнайды.
Тым қысқа болды-ау сенің өмірің,
Қасірет – тіршіліктің тоқтағаны.
Сан көңіл сені аңсап жоқтар әлі,
Бақұл бол, адал жүрек, жан досымыз,
Нұр бейнең жүрегімізде сақталады.
Пейіш болсын тұрағың,
Жарық болсын мекенің.
Жатқан жерің жарық болсын,
Ардақты қимас, досымыз!
Еске алушылар: достары – Дарын-Назира, Ернат-Қымбат, Асқар-Көркем, Болат-Назгүл, Ерлан-Мейрамгүл.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login