Елімізде аязды күндер басталады

Қыс қаһарына мінді. 24 мен 26 қаңтар аралығында Қазақстанның бес бөлігінде қатты аяз болады. Ауа температурасы күндіз -35 градуске дейін, ал түнде -45 дейін төмендейді. Синоптиктердің болжамы бойынша, Балқашта сынап бағанасы 25 қаңтардан бастап төмен түсе бастайды. Күндіз -20-25, ал түнде -22-27 ге дейін жетеді.

Анастасия Грязнова – инженер-синоптик:«Күн желді болады. Сол себепті аяз қатты сезілуі мүмкін. Егер -22-25 градус болса,онда -30 градус секілді сезіледі».

Аязды күннің алыс еместігін бүгін күн сездіртті. Мектептерде сабақ тоқтатылып, екінші-бірінші аусым оқыған жоқ. Ал, құтқарушылар мұндай ауа-айы кезінде өте сақ болуды ескертеді. Алыс жолға шығудан бас тартып, балаларға және егде жастағы қарттарға абай болуға кеңес береді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture