Алматы қаласындағы құрлық әскерінің әскери институтына қалай түсуге болады? Қандай талаптар қойылған. Бұл сауалдарға аталмыш оқу орнының 1 курс курсанты Сабыржан Шынарбек жоғары сынып оқушыларымен өткен кездесуде жауап берді. Шара қалалық қорғаныс бөлімінде ұйымдастырылды. Қысқы демалысқа келген №16 мектеп-лицейінің түлегі жастарға біршама талаптарды түсіндірді. Мәселен талапкердің бойы 1.75 cм төмен болмауы тиіс. Ал салмағы 65 келіден жоғары болуы керек. Одан кейінгісі әрине мықты денсаулық. Медициналық тексерістен мүдірмей өтсең, әскери институтқа түсу мүмкіндігі арта түседі. Ал іріктеу кезеңінде адамның төзімділігі және психикасы сыналады. Ол үшін тест сұрақтарына жауап беріп, әскери полигонда оқу-жаттығудан өтеді. Айта кетерлігі, ҰБТ нәтижесі де маңызды болып саналады.
Сабыржан Шынарбек-құрлық әскерінің әскери институт курсанты
«Математика пәніне жақсы қарайды. Жаңа ҰБТ бойынша 10 балдан кем болмауы тиіс. 02:31Мандаттық комиссия деген болады. Құрылық әскери ниститутына тапсыру үшін іріктейді. Іріктеген сензде ҰБТ, логикалық-психологиялық ойлау жүйелеріңді бәрін есептейтін болады. Егер сол жағынан мықты болсаң құрылық әскери институтына түсетін боласың».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login