Шайбалы хоккейден балқаштық «Бертіс»құрамасы жеңіске жетті

Шайбалы хаккейден жерлестеріміз жарады. Балқаштық «Бертіс» құрамасы қарағандылық «ШТОРМ» командасын алғаш рет өз алаңында қабылдап, кездесуді жеңіспен аяқтады. Және әуесқой хоккей лига командалары арасында «Бертіс» үшінші орынға көтерілді.

Ойынға 20 минут қалғанда дайындық жұмыстары басталды. Ең бірінші алаңға балқаштық «Бертіс» құрамасы шықты. Жасыл түсті киімдегі 15 жерлесіміз мұз үстінде жаттығуларын белсене жасап, денелерін ширатып алды.

Виктор Васильев- «Бертіс» хоккей командасының капитаны:«Біздің топтағы ойыншылардың барлығы бұрыңғы. Жаңадан келген ешкім жоқ. 18-50 жас аралығындағы спортшылар. Ал бұл кездесуге бірнеше күн жақсылап дайындалдық».

Содан кейін алаңға 2013 жылы құрылған «Шторм» командасы шақырылды. Сары түсті киімдегі қарағандылықтар жол жүріп келгендеріне қарамастан, дайындыққа бірден кірісті.

Балқашта бірінші ұйымдастырылған кездесу тартысты басталды. Шайба алғашқы минутта қонақтардың қармағында болды. Алайда, есепті жерлестеріміз ашып, бірінші айналымды 3:1 есебімен аяқтады.

— Мен қарағандыдан келдім. «Шторм» командасының жанкүйерімін. Ал Бертісті бұрыннан бері қадағалап келемін. Өздеріне сенімді ойыншылар.
— Біздің балқаштықтар жақсы ойнап жатыр.Ойын   қызықты өтуде.Жеңіс  тілеймін.

Жалпы хоккей шарты бойынша, алаңда 5 ойыншы мен 1 қақпашы. Олар 20 минуттан 3 кездесу өткізеді. Нәтижесінде, бұл жолы 6:5 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті.Айта өтейік, облыстық әуесқой хоккей командалары арасында балқаштық «Бертіс» құрамасы 10 команданың ішінде үшінші орынға көтерілді. Жерлестеріміздің қоржынында 11 жеңіс пен 4 жеңіліс бар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture