Кемеңгер басшы, әріптесіміз Абишов Жақып Оңласынұлының өмірден өткеніне 40 күн болды.
Жақып Оңласынұлы бүкіл саналы ғұмырының 38 жылын темір жол саласына арнап, бойындағы қажыр-қайратымен, күш-жігерімен еңбек көрігін қыздырған болатын. Талай асулардан асқан атпал азамат жаңашылдық пен үздіксіз дамуды қажет ететін салаға барынша көңіл бөліп, теміржол саласы мамандарының алаңсыз жұмыс жасауына, әсіресе, Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясының өркендеуіне зор үлесін қосты.
Амал қанша, Жақып Оңласынұлындай өмір-тәжірибесі толысқан, теміржол саласына өзіндік жол салған білгір басшы, абзал азамат қаңтар айында 60-қа толар еді. Оның өмір жолы – еңбексүйгіштіктің, қоғамға адал қызмет етудің, адамгершілік асыл қасиеттердің жарқын үлгісі болып табылды.
Жауапты қызметті атқара жүріп, қаншама адамдарға жан жылуын арнап, ақылшы әрі қамқоршы бола жүріп, береке-бірліктің ұйытқысы бола білген, кең ойлап, кемел пішкен кемеңгер азамат еді. Осындай жоғары мәдениетті, ойы терең, талғамы кең, білімі ұшан-теңіз жанның бейнесі жүрегімізде мәңгілік сақталады.
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болып, артыңызда қалған туған –туыс, бала-шағаңызға Алла берекелі ғұмыр берсін деп тілейміз. Жүрегімізді сыздатқан қайғы-шерімізді мына жыр шумақтарымен тарқатамыз:
Өмір-өзен ағады ағысымен
Ағысқа қарсы тұрды қайғы деген.
Келместің кемесіне мініп кеткен
Еске аламыз өзіңізді сағынышпен.
Татулықты ту етіп алып ұшқан.
Жан едің ізгілікті жаны құшқан,
Жолыңа келе ме деп елеңдеумен,
Жанарымыз жасқа толды сағыныштан.
Асыл жар, аяулы әке, ардақты едің,
Иман-нұрға бөленсін Жер-бесігің.
Ақ көңіл, кең пейілді «Жақасы» боп,
Жадында сақталасың дүйім елдің.
Еске алушылар: «Қазақстан темір жолы » АҚ-ның филиалы
Балқаш сигнализация және байланыс дстанциясының ұжымы.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login