Балқашта көршісінің итін өлтірген азаматтың ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Төрт аяқтыны пышақтаған 24 жастағы тұрғын қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, психиатриялық ауруханада емделуге міндеттелді.
Бәйсейтова көшесін суық су басып қалды. Жолдар әп-сәтте тайғаққа айналды. Нәтижесінде көпқабатты үш үй тіршілік көзінсіз қалды.
Балқаштық жаяу жүргіншілер жол ережесін сақтамайтын болып шықты. Үш күннің ішінде жолдың ортасын қиып өткен 10 тұрғынға 5 мың теңгеден айыппұл салынды. Полицейлер жүргізген үш күндік рейд жұмыстары кезінде жол ережесін бұзған 55 адамға хаттама толтырылды.
Балқаштық әкелер Президент жолдауын талқыға салды. Ондағы 10 бағыт әкелер кеңесі өткізген жиында басты тақырып болды.
Балқаш қалалық ардагерлер кеңесіне жаңа төраға сайланды. Енді бүгіннен бастап бұл қызметті Тайтөлеу Жұманов Ақтайұлы атқаратын болады. Медицина саласына еңбегі сіңген зейнеткерді ардагерлер кеңесі бірауыздан құптап, кондидатурасын мақұлдады. 66 жастағы Тайтөлеу Жұманов Ақтоғай ауданының тумасы.
Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы қызметіне кірісе сала, жастармен кездесті. Мәдениет сарайында өткен жиынға студенттер шақырылды. Шара еркін форматта өтті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login