Балқаштық әкелер Президент жолдауын талқыға салды

Балқаштық әкелер Президент жолдауын талқыға салды. Ондағы 10 бағыт әкелер кеңесі өткізген жиында басты тақырып болды.№4 мектептің акт залында өткен шараға жоғары сынып оқушыларының ата-аналары және әр мектепте құрылған әкелер кеңесінің төрағалары жиналды. Басқосуда білім беру сапасы сөз болды. Елбасы өз жолдауында бұл саланы  тағы үлкен өзгерістер күтіп тұр деген болатын. Соған байланысты, орташа білім беру жаңартылған мазмұнға көше бастайды. Бұл — мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.  Әкелер кеңесі қаламызда осымен екінші жыл жұмыс істеуде. Басты мақсаттары бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру.

Қанат Дуйсенбинов — №4 әкелер кеңесінің төрағасы:»Дәстүрлі түрде бала тәрбиесімен әйелдер айналысады. Дегенмен, әке рөлінің зор екенін ұмытпау керек. Сол мақсатпен, осы оқу жылында осымен екінші рет жиын өткіздік«

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture