Руы – Бораншы — Үмбетбай, Ахметов Өмірсерік Бекболатұлының өмірден озғанына 1 жыл болады.
Жылдық асы 20 қаңтар күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН залында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаңға, балаларының еңбек ұжымдарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
20 қаңтар күні сағат 11.30-да Қоңырат мешітінің жанынан арнайы автобус жүреді.
Әкеден асқар жок екен!
Әкенің сөзі оқ екен.
Қарайып жүрсе қасыңда,
Уайым-қайғы жоқ екен.
Қаңтардың он тоғызы күні,
Әкетті боран өзімен бірге.
Сол суық боран ызғарлы,
Өзгертті біздің өмірімізді.
Жыл болды күтіп жүрміз келмейсіз,
Сізді күнде кеп қалар деп іздейміз.
Сіз мәңгіге кетіпсіз ғой өмірден,
Сонда да біз бұл шындыққа сенбейміз.
Күлкі үйіріліп жүзіңізде жүруші едіңіз,
Рахаттанып әкешім күлуші едіңіз.
Амал не, кетті өзіңізді ажал алып,
Сағынып қалдық күлкіңізді қарапайым.
Өшпейді мәңгі бейнеңіз,
Сағыныш болып ұялап.
Торқа болсын, мамықтай топырағыңыз,
Қабіріңе жағылсын шам шырағыңыз.
Хабарлаушылар: інісі – Өмірәлі, балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login