Еске алу Ақаев Сапа

Қызыларай ауылының тумасы, имамы болған, Руы – Қара, Ақаев Сапа (1939 жылы туған) 2017 жылдың желтоқсан айында өмірден өтті. Сағына еске аламыз.

Жүруші едің ортамызды мәнді қып,

Жадымызда ісің қалды жаңғырып.

Жүрегінде ағайын мен туыстың,

Асыл бейнең сақталады мәңгілік!!!

 

Жанарға жас келеді сағынғанда,

Амал қанша тірлікте қоймады Алла.

Рухың ұшып кетсе де алыс жаққа,

Бейнең мәңгі қалады жадымызда!

 

Жан Ата, иман болсын жолдасың,

О дүниеде жаратқан ием қолдасын!

Ізгілікпен жүріп өткен жолыңды,

Келешекте ұрпақтарың жалғасын!

 

Сағынып еске аламыз өзіңізді,

Ақылмен айтқан жылы сөзіңізді.

Сізге арнап бүгін дұға бағыштаймыз,

Мәңгілік сақтап есте жүзіңізді.

 

Шаңырақтың едіңіз жарқын жаны,

Күз ғұмыр тағы міне, салқындады.

Жұмақты нәсіп етсін, Жаратушым,

Ұрпағың аман болсын артыңдағы.

 

Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,

Иманың рухыңа серік болсын.

Алланың шапағаты нұрын төгіп,

Сізге болсын Құран-аят сауабы.

Еске алушылар: Қажыкәрімовтар әулеті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture