1) Балқаш тұрғыны көлігінен айырылды. Ағыбай батыр көшесінің қақ ортасында «mazda»өртке оранды. Лапылдап жанған көліктен тек қаңыраған қаңқа ғана қалды. Өрт сөндірушілер келгенше иномарка түгелдей жанып кетті.
2) Балқашта балалар невропатологы пайда болды. Соңғы кезде тапшылыққа айналған дәрігер кішкентай науқастарды қабылдауға кірісті. Бірақ, маманның ем-домы тек әр сенбі сайын жүргізілмек. Өйткені, шаһарда балалардың жүйке-жүйесін қарайтын дәрігер жоқ болғаннан кейін, маман басқа қаладан келіп тұрмақ.
3) Осы аптада жасы биыл 17-ге келетін балқаштықтарды әскери есепке алу басталды. 2 аптаның ішінде 542 жігіт медициналық тексерістен өтіп, керекті құжаттарын қорғаныс істері бөліміне өткізулері қажет.
4) 19 қаңтар күні Крещение мейрамы дәстүрге сай шіркеуден басталатын болды.Қасиетті мерекеде православ дінін ұстанушылары алдымен құдайдың үйіне бас сұғады.Онда таңғы сағат 8-ден бастап құлшылық жасау рәсімі жүргізіледі.
5) Балқашта қыс қаһарына мініп,ызғар күшейе түсті. Соның салдарынан екінші күн төменгі сыныптың балалары сабақтан босатылды. Бүгін бір еркек саусағын үсіріп, дәрігерге қаралды. Ал қыстың осындай аязды күнінен қалай қорғану керек?
6) Пакеттегі шәй қауіпті болуы мүмкін. Ғалымдар қағаз қаптамалардың құрамында рак пен бедеулік ауруын тудыратын хлор мен пестицид бар деген қорытынды шығарды. Сарапшылардың айтуынша мұнай сусын түрі ескі жапырақтардан жасалады.
7) Балқаштың боксшы қыздары жарады. 8 жерлесіміз облыстық чемпионаттан жүлдемен оралды. Республикалық додаға жолдама алды. Қарағандыда өткен жарысқа ауыл-аймақтан 120 қыз қатысты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login