Балқаштықтар Елбасы жолдауын талқыға салды

Бүгін  балқаштықтар Елбасының  жолдауын  талқылады.  Қалалық  әкімшілікке   мемлекеттік  мекеме  қызметкерлері мен  студенттер, депутаттар  жиналып  пікірлерін  ортаға салды. » Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты   Президент жоспарының бағыттарына  тоқтала  өтті. Жолдауда көрсетілген   цифрлық    дәуірге   бейімделудегі   негізгі  10 міндет жайлы айтылды.  Соған сәйкес шаһардағы  ірі кәсіпорындардың  бірі  «Қазақмыс» пен  «Сары қазына»  өндіріс  қуаттылығын одан әрі арттыруға  уәде етті. Ал  аграрлық секторда  балқаштықтар  саяжайларды дамытып, жеміс- жидектерді  өсіруді  қолға алмақ. Құрылыс  саласында    жолдар  жөнделіп, 45 пәтерлі  екі  үй тұрғындарға берілмек.  Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өсіп,  дәрігерлер заман талабына  сай жұмыс істемек.  Науқастар  «Даму мед» электронды  қосымша арқылы қабылдауға жазыла бастайды.  Сонымен қатар қаламыз   «Смарт сити»  бағдарламасына  көшпек ниетте.

Саягүл Жүнүсбекова- кәсіпкер

«Елбасының жолдауы  нәтижелі   көрсеткіш  беретініне сенімдімін.Шағын  бизнесті  дамыту  керек  дегенін  толық  құптаймын».

Бекзат Әлжан- мұғалім

«Елбасымыз  жолдауда әсіресе жарастылыстану  мен математика  ғылымдарының сапасын  күшейтуге  баса назар аударып отыр.Сонымен қатар үш тілді меңгеру, цифрлы  технологияларды   үйренуге  бағыттады.Ұстаздар  қауымына  деген сенімділігі мен қолдауы үшін алғысымды білдіремін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture