Балқашта ішек ауруын тексеретін колопроктология кабинеті ашылды

Балқаштағы кеңестік-диагностикалық орталықта колопроктология кабинеті ашылды. Онда орнатылған құрылғылар тік ішек ауруларын ерте кезеңінде емдеуге мүмкіндік береді. Науқастарды Семейден келген білікті маман қабылдайды. Ал дәрігер қабылдауына қалай жазылуға болады?  Орталық тағы қандай мамандармен толығады. Оны келесі сюжеттен көрелік.

Семейден келген колопроктолог дәрігер Әйгерім Бекмұханбетова пациенттерді жаңа орында қабылдауда. 26 жастағы маман келгелі бері 100 ден аса науқасты тексеріп үлгерген. Айта кету керек, бұған дейін қаламызда ішек ауруын зерттейтін дәрігер болмаған еді. Сол себепті басқа қалаға барып, қаралуға тура келетін.

Айгерім Бекмұханбетова — колопроктолог дәрігер

«Балқашқа осындай жаңашылдық әкелгеніме қуаныштымын. Алғаш жұмыс істей бастағанда науқастар мүлде келмейтін. Оларды қаралуға терапевтер мәжбүрлеген еді. Ал қазір адамдар үйрене бастады. Қабылдауға жазылып, кеңес алушылар өте көп.  

Жаңа кабинетке орналасқан жаңа маман жаңа техникамен жұмыс істеуде. Бұл жаңа аппарат колоноскоп деп аталады. Оны сатып алуға республикалық қазынадан 11 жарым млн теңге бөлінген. Түтікте орналасқан камера картинаны экранда анық көрсетеді. Керек болған жағдайда оның көмегімен ішекте жаңадан пайда болған ісіктерді, жараларды  алып тастауға болады. Балқашта 2 айдың ішінде 5 адамнан қатерлі ісік анықталған.

Айгерім Бекмұханбетова — колопроктолог дәрігер

«Ішек рагын анықтау аса қиын емес. Алайда, көбінесе кеш анықталып жатады. Егер, ерте сатысында  анықталған жағдайда, біз оны операция жасамай-ақ алып тастауға болады. Оны осы кабинетте 1 сағат ішінде жасаймыз.

Колопроктология кабинеті жұмыс жасағалы бері 100 адам тексерістен өткен. Ал дәрігерге қаралу үшін терапевтың жолдамасы қажет. Маман тұрғындарды аптасына 5 күн  сағат 9 дан бастап 16:00 ке қабылдайды.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture