Балқашта 22 үй жөндеуден өтеді

Биыл Балқашта 22 үй жөндеуден өтетін болды. Шаһардың 80 жылдық мерейтойына орай орталық көшелер жаңа кейіпке енбек. Құрылыс жұмыстары Ленин,Ағыбай Батыр, Қараменде би және Уәлиханов көшелеріндегі көпбақатты үйлерге жүргізіледі. Нысандардың шатырлары ауыстырылып, қабырғалары әктеліп, сырланады. Сыртқы қасбеттері біркелкі түске боялады. Қар, жаңбырдың сулары ағатын құбырлар жасалады. Ал мұның барлығына 156 млн. теңге жұмсалмақ.

Сағатбек Балапанов – Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы
« Оларға кететін сметалық құжатпен 156 млн. теңге Тұрғын үй қатынастары заңы бойынша үйлер жеке меншік болуына байланысты бюджеттен ақша қаралмайды. Соған байланысты демеушілердің көмегімен комбинат арқылы жасалады деген жоспарымыз бар. Сәуір –мамыр айларында бастап, қыркүйекке дейін бітіреміз деген жоспардамыз».

Сонымен қатар, Балқашта күрделі жөндеуді қажет ететін 7 үйге арнайы сараптама жұмыстары жасалу қажет. Алайда, олардың бесеуіне демеушілердің көмегімен сараптама қорытындысы шығарылды. Яғни, Ленин 7, Ағыбай батыр 20, Мұхамеджанов көшесіндегі 6 үйлер апатты емес деп табылды. Оған қоса, 80-жылдыққа орай құны 1 миллион теңгеден асатын тиісті сараптама Қазбекова 1 мен Мұхамеджанов 19 үйлерге жасалады. Оған әкімшілік қолдау көрсетпек. Деседе, кірпіштері қирағалы тұрған Балқаш станциясындағы тағы 16 мен 52 үйлерге сараптама қажет.

Сағатбек Балапанов – Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы
«Бұл үйлер негізі өздері ақша жинау керек.Мекемелерді өздері таңдап алу керек. Бұл эскперт қорытындыны алу үшін оған кететін қаржжы үлкен. 1.5 млнға дейін кетіп қалады.Сондықтан тұрғындар оны жинай алмайды, жинамайды. Соған байланысты 80 жылдық Балқаш қаласының мерекесі қарсаңында мердігер компанияларды іздестіріп жатырмыз көмек жасауға.Эксперттік қорытындысын алып беруге».

Жөндеуден өтетін үйлер тізімі:

  • Ленин көшесі: 31,33,35,37,41,43
  • Уәлиханов көшесі: 2,4,6,7,8,9
  • Қараменде би көшесі: 2,4,6,8,10
  • Бәйсеитова көшесі: 12
  • Ағыбай батыр көшесі: 18,20,24
  • Қазбекова көшесі: 1

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture