Балқашта 4 жасар Ислам Тұрсын есімді баланың еміне арналған қайырымдылық концерт ұйымдастырылмақ. Өйткені, көз жанарынан айырылған бүлдіршінге төртінші рет ота жасату керек. Ал ем — ақылы. Құны 1 жарым млн. теңгені құрайды. Сондықтан қаланың ерікті жандары 18 қаңтар күні Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында қайырымдылық концерт өткізбек. Игі шара кешкі сағат 5-те басталады. Онда ақша салатын жәшік қойылады. Сонымен қатар, қайырымдылық қораптар қалалық мешіт пен дүкендерде де орнатылмақ. Айта өтейік, 4 жасар Исламның көзі көрмейтінін ата-анасы 9 айында білген. Содан бері түрлі ем-домдар жүргізіліп, үш рет ота жасалды. Баланың көру қабілеті 8 пайызға жақсарды. Енді төртінші операция 22 қаңтар күні Санкт-Петербург қаласында жасалмақ. Ол үшін 1 жарым млн. теңге қажет. Қазір бұл отбасыға 500 мың теңгеден аса қаржыны жомарт жандар жинап берді. Алайда, әлі 1 млн. теңге керек.
Нұрсұлу Абильдина-ұйымдастырушы:«Балқаш халқын осы іс-шараға ат салысуларыңызды сұраймын. Келіңіздер.Көріңіздер.Исламға көмектеріңізді, жәрдемдеріңізді беріңіздер.Менің айтарым мұндай қиыншылықтармен әрқайсымыз кездесе аламыз өмірде. Сондықтан бей-жай болмайық.Көмектесейік».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login