Сүйікті бауырымыз, адал жар, ардақты әке Бейсембин Манат Темешбайұлы! Сені 40 жас туған күніңмен құттықтаймыз! Жанұяң аман болып, шаңырағыңа қуаныш пен шаттық толсын! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тілейміз!
Құтты болсын 40 жасыңыз,
Белестерден, асулардан асыңыз.
Жанұяның шаттығына бөленіп,
Қуаныштан шалқып-күліп тасыңыз.
Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,
Аман жүрші әрқашан ортамызда.
Ағайын-туыстарға сыйлы болып,
Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!
Сәбилерің көре берсін қызығын,
Тәңір өзі тауыспасын ырзығын.
Жан-жарыңмен ғұмыр кешіп баянды,
Мұқалмасын, мұңаймасын нұр жүзің!
Тіршіліктің қызығына жайраңдап,
Күле берші, жүре берші сайрандап.
Үлкен-кіші, туыс-туған сүйсініп,
Жібек жіптей мінезіңе қайран қап.
Таси берсін дариядай дәулетің,
Бақыт қонып, жарқырасын сәулетің.
Балалардың қызығын көр, аман бол,
Өсіп-өніп, өркен жайып әулетің.
Қайырым мен мейірімнен жаралған,
Кісілік пен ізгіліктен нәр алған.
Жан шуағың жылытады жүректі,
Күн нұрындай жер-әлемге таралған.
Қандай жақсы сендей бауыр болғаны,
Жаны жомарт, дастарқанда мол дәмі.
Біздер үшін зор қуаныш, ұлы той,
Жан бауырдың қырық жасқа толғаны.
Т/б: Бейсенбиндер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login