Балқашта 24 қанатты хан ордасы пайда болды. Диаметрі 11 метр, ал биіктігі 2 қабатты үймен тең 6 метрлік киіз үйді кранның көмегімен тұрғызды.
Алтын Үзік деп аталатын алып киіз үйді «Қазақмыс Смэлтинг» орнатты. Ал, оны тұрғызу үшін Алматыдан арнайы мамандар шақырылған. Керегесінің биіктінің өзі 2.5 метр болады. Уықтарының саны болса 250 дана. Мамандар бірінші күні көшпенділер баспанасының қаңқасын тұрғызса, екінші күні ішін әрлеуге кірісті. Түскиіз іліп, басқұр, иін бау, жел бау, шашақ секілді жабдықтарды орнатты. Айта кетейік, ең алып киіз үй 30 қанатты болып келеді. Онда хан, уәзірлерімен бірге отырып, ел басқарса, мұндай 24 қанатты баспанада ханның отбасы тұрған.
Жұмахан Ұлышай-киіз үй құрастырушы
«6 қанатты үйді құр сүйегін 15 минутта құрасың . Ал 8 қанатты жарты сағатта тұрғызуға болады. 12 қанаттыны 2-3 сағатта, 24 қанаттыға ішіндегі жабдықтауына мән беретін болсақ, 1-2 күн уақыт кетеді. Қазақ үйді құрғаннан кейін, уықтарға тізбе кетеді. Жан-жағын шайқалмасын деп тізбелеп тартады. Және ішінде жел бау болады».
Алып киіз үйде Наурыз мерекесіне дейін түрлі көрмелер өтеді. Қала тұрғындары, киіз үй жабдықтарымен бірге ертеде қолданылған тұрмыстық бұйымдарды өз көзімен көріп, олардың қандай мақсатқа қолданылғанан біле алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login