2018 жылдан бастап Қазақстандағы АЕК мөлшері 6% өсіп, 2405 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК, ең төменгі жалақы, базалық зейнетақы және ең төменгі күнкөріс деңгейі өзгерді. Олар туралы толығырақ ҚР «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы Заңда жазылды.
Бүгіннен бастап АЕК мөлшері – 2405 теңге. Айлық есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, жәрдемақы, өзге әлеуметтік көмек, айыппұл санкциялары және салық мөлшерін анықтауда қолданылады.
1 қаңтардан бастап ең аз жалақы мөлшері 28 284 теңгені (2017 жылы 24 459 теңге) құрайды. Ең аз мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 15 274 теңге (2017 жылы 12 802 теңге). Ал ең аз зейнетақы мөлшері – 33 745 теңге (2017 жылы 28 148 теңге).
Әлеуметтік көмек мөлшерін анықтауда қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 284 теңге (2017 жылы 24 459 теңге) болды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login