Жайдарман ойындары өтті

«Көктем  2017 кубогі» 11 наурыз күні  Мағауия Хамзин атындағы  мәдениет сарайында   оқушылар  мен  студенттер  арасында жайдарман ойындары өтті. Республикалық  деңгейдегі  шараға  Балқаш, Астана, Алматы  қалаларынан келген 14  құрама командалар   қатысты. Әзіл кешінде көңілді  тапқырлар командалары шұғылалы көктемді тілге тиек  ете отырып, қоғамдағы түйткілді   мәселелерді  көтерді. Көрерменді  күлдіртіп,  ойландыра  білді. Нәтижесінде, №9  мектептің  оқушылары  өткір  әзіл мен ұтымды  қалжыңдарымен ерекшеленіп   «Көктем  2017 кубогі» жүлдесін еншілесе,  екінші  орынды   Алматы мен Балқаш   шаһарының   құрама  топтары   өзара  бөлісті. Үздік  үштік  тізіміне  Ж.Ақылбаев атындағы  Болашақ  колледжінің  «Болашақ   VIP»  пен Медициналық колледжінің  «Шулы қыздар»  командалары  тұрақтанды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture