Инспекторлар браконьерлерді қолға түсіру үшін рейдке шықты

Табиғатты  қорғау инспекторлары  заңсыз аңшыларды қолға түсіру үшін рейдке шықты. Еске түсіре кетейік, ақпан айының 16-нан бастап аң аулауға мораторий  жарияланған болатын. Сондықтан  мамандар  қаламызда  браконьерлердің  бар-жоғын анықтау  үшін   қару-жарақ асынғандарға рейд жұмыстарын  жүргізді.

Биыл  елімізде Кеңес  үкіметінен кейін   бірінші рет  көктемдік аңшылыққа  тыйым салынды. Сол себептен,  табиғатты  қорғау инспекторлары   күндіз-түні  рейд  жұмыстарын жүргізуде. Жердегі  әрбір ізге мән  беріп,  жануарлар мен  құстардың тыныштығын  қадағалау үстінде.

Денис Абибеков – Жануарлар әлемін қорғау жөніндегі  мемлекеттік  аға  инспектор

 «Жануарлардың тыныштығын  қадағалау мақсатында   16 ақпаннан бастап 14   маусымға дейін   аң  атуға тыйым салынған   еді.  Біз  Шұбар- төбек  маңын  түгел аралап шықтық.  Заң бұзғандар  кездеспеді».

Табиғатқа залал  келтіргендерді барынша   анықтау үшін  инспекторларға  аңшылық қоғамы  қол ұшын созуда. Орталық төрағасы  Владимир  Штрасгеймнің айтуынша, қару-жарақ асынғандарды жаяу  жүріп тез табуға  болады дейді.

Владимир Штрасгейм – «Ақ сұңқар»  балықшылар және аңшылар қоғамының төрағасы

«Мына қатып қалған  қандарға, іздерге қарап аңшылықтың болғанын  айтуға болады. Мен осы аймақтан иттерді  көрдім.Бірақ,  аңшылық қарусыз болған».

Сиреп  кеткен аңдар мен құстардың  тыныштығын бұзбай, көбейту үшін жасалған мораторий 14 маусымға  дейін  жалғасады. Ал осы уақыт  аралығында   ереже  бұзғандар 10 мың теңгеден айыппұл төлейтін болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture