Қаламызда тонау мен қарақшылық фактілері көбейді. Беттеріне маска, қолдарына қолғап киген білгісіз біреулер ақшаны жымқыруды әдетке айналдырып барады. Мәселен, желтоқсан айында осындай екі оқиға тіркелді. Бірінде беттерін жауып алған екі жігіт Бөкейханов көшесіндегі дәріханаға шабуыл жасады. Терезені сындырып кассада тұрған 111 мың теңгені қолды қылды.
Бүгін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қала әкімінің жаңа жылдық мерекесі ұйымдастырылды.Оған 6 мен 14 жас аралығындағы балақайлар қатысты. 146 бала оқушылар сарайында бой көтерген жасыл шырша маңында би билеп, көңілдерін көтерді.
Спорттық шырша. Атыраулық спортшылар 2017 жылы ұтып алған медальдарымен жаңа жылдық шыршаны безендірді. Олар бұл эстафетаны Қазақстанның басқа облыстарына жолдады. Батыстықтар ойлап тапқан жаңа жылдық челленжді Балқаш қаласы қабыл алды.
Жаңа жылға дейін санаулы күндер қалды. Қаржылық қиындықтарға қарамастан ешбір жан мерекелік дастарханнан бас тартпасы анық. Бар дәмдісін үстелге қойып, бос орын қалдырмауға тырысады. Осыған орай біз бүгін жаңа жылдық ас мәзірінің бағасын біліп қайттық.
2018 жылдан бастап амбулаториялық карта қолданыстан алынады. Соған байланысты балқаштықтар электронды медицинадық паспортқа көшеді. Яғни дәрігерлер енді науқастың денсаулығына қатысты барлық мәліметті бұрынғыдай қағазға жазудың орнына компьютерге енгізеді.
Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Сағат тілі 12- ге тақап қалғанда тілек тілесе, арманыңыз міндетті түрде орындалады деген сенім бар. Ал, балқаштықтар бұл мерекеде тілек тілей ме екен? Қандаq әдістер арқылы. Оны біз тұрғындардың өздерінен сұрап білдік.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login