1. Балқаш тұрғыны 2 жасар қызының өлімі үшін 25 млн. теңге талап етіп отыр. Ол соттың — моральдық шығынды марқұм баласын көлігімен қағып мерт қылған жүргізушіден өндіріп бергенін қалайды.
2. 67 жастағы зейнеткерді көлікпен қағып өлтірген жүргізуші іздестірілуде. Полиция қызметкерлері 13 желтоқсаннан бастап жедел алдын-алу шараларын жүргізіп жатыр. Алайда, нәтиже мардымсыз. Арада 12 күн өтседе әлі кінәлі азамат табылмады.
3. Балқашта көлік жарық бағанасына соғылып, оны құлатып кетті. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Жол көлік оқиғасы Қадыржанов көшесінде болды.
4. Балқаш көктайғаққа айналды. Таңға қарай жауған жаңбыр, ауа температурасының күрт төмендеуі жолды айнадай жылтыратты. Күн райындағы бұл өзгеріс коммуналшыларға үлкен сын болды. Таңғы 6 дан бастап жолға шыққан тазалықшылар барлық көшелер мен аулаларға құм сеуіп үлгермей әлек болды.
5.Бүгінгі жаңбыр тек жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерді және коммуналшыларды ғана емес үйде отырған тұрғындарды да әбігерге салды. Қысқы жауынның салдарынан бірнеше пәтер су астында қалды. Шатырдан аққан су елдің баспанасына жеткен.
6. Көктайғақтың салдарынан Балқашта бірнеше адам құлап, жарақат алды. Бүгін таңертең орталық ауруханаға 9 адам жүгінген. Оқуға бара жатып құлаған бала мен тайғанап жұмысына жете алмаған әйел тек аяқ-қолын ауыртып алған.
7. Балқашта бас шыршаның шамдарын жағылды.Ел асыға күткен сауық –сайран мерекелік шерумен басталды.60-қа жуық Аяз ата мен Қарша қыз, 50-ден аса ертегі әлемінің кейіпкерлері және 6 ақ көлік көшелермен жүріп өтті.
8. Балқашта жаңа жыл қарсаңында бой көтеретін мұз қалашықтың алғашқы жұмыстары басталды. Бүгін орталық алаңға 130 шаршы метр мұз әкелінді. Одан ұзындығы 17 метр болатын « Жаңа жылдарыңызбен» деген сөз жазылады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login