Балқашта мұз қалашығының құрылысы басталды

Балқашта жаңа жыл қарсаңында бой көтеретін мұз қалашықтың алғашқы жұмыстары басталды. Бүгін орталық алаңға 130 шаршы метр мұз әкелінді. Одан ұзындығы 17 метр болатын «Жаңа жылдарыңызбен» деген сөз жазылады. 17 әріптің қалыңдығы 40см. Биікті 1 метрден аспақ. Ал оны ойып- қыру жұмыстары ертең басталады. Оған 8 маман жұмылдырылмақ.Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты мұздар Шашубай кенті маңындағы көлден ойып алынды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture