Қорытынды жаңалықтар 22 желтоқсан

Балқаш көлінде екі балықшы жарылған мұздың үстінде қалды. 36 және 52 жастағы екі ер адам дер кезінде құтқарушыларға хабарласып үлгерген. Төтенше оқиға оңтүстік жағалауда Аққұм аймағында болды.

Мерекелік демалыс төтенше оқиғасыз өтпеді. Металлург көшесінде үй өртенді. Қонақ бөлмеден шыққан түтін лапылдап жанып, жиһаздардың күлін көкке ұшырды. Бірақ, абырой болғанда ешкім зардап шекпеді.

Қала ішінде көлік өртке оранды. Жеңіл тұлпар жүріп келе жатып жанып кете жаздады. Абырой болғанда оны жүргізуші дер кезінде байқап қалған.Қожайын дереу Мир көшесінің бойына тоқтап, жалынды өз күшімен сөндіруге тырысты.

2018 жылы Балқаш қаласының дамуына 10 млрдан астам қаржы жұмсалады. Бүгін әкімдікте қалалық маслихаттың XVI сессиясы өтті. Онда 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет бекітілді.

Бүгін Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында жастар форумы өтті. Балқаштық 600-ден аса белсенді студенттердің жасын біріктірген айтулы шара Елбасының мақаласына арналды. Жас буын өкілдері «Рухани жаңғыру-жастарға бағыт» деген тақырыпта пікірлерін ортаға салды.

Қала көшелерінде қоқысқа арналған жәшіктер қаптап кетті. Барлығы жаңадан салынған тротуарлар маңына орнатылған. Алайда кейбірінің арасы жиілеп кеткен. Әр 10 метр сайын қойылған. Алайда басқа көшелерде қоқыс жәшіктері жоқтың қасы.

2017 жылдың үздік оқушылары анықталды.Қалалық оқушылар сарайында дәстүрге айналған «Алтын бала» жүлдесінің иегерін марапаттау рәсімі өтті.Жыл бойы оқуда озат болып, қоғамдық шараларға қатысып, түрлі сайыстарда жүлдеге ие болған оқушылар ұлықталды.

Кеше «Қазына қарттар» қоғамы қала жастарымен кездсу өткізді. Бас қосуға өз ісімен өзгеге үлгі болып жүрген қаланың беделді қариялары шақырылған. Мысалы, түрлі-түсті кілем тоқитын гобеленші Өміргелді Әбеуов бұл өнерге қалай бет бұрғанын айтса, кебеже, сандық жасаудың шебері Манас Құнанбайұлы өз сырларымен бөлісті. Ал ұлттық киімдерді тігу технологиясын шебер меңгерген Серікжан Құсайынова қазақ халқының қол өнерін тілге тиек етті.

Келер аптада алыс жолға шықпай, мейілінше қала ішінде қалған дұрыс. Өйткені, қыс қаһарына мінгелі тұр. 25 желтоқсаннан бастап қалың қар түсіп, боран соғып, желдің жылдамдығы 20 метр секундқа дейін көтерілмек.

Тәуелсіздік алаңына 15 метрлік шырша қойылды. Оны биыл әкімшілік жаңадан сатып алды. Әдемі алып шырша қаланың сәнін кірзізетіні сөзсіз. Ал үйдің сәнін кіргізу үшін жасыл ағаштың қай түрін таңдаған жөн. Қазір базарда таңдау көп. Биыл тіпті исі аңқыған табиғи шыршалар пайда болған.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture