Балқашта жүріп келе жатқан көлік өртке оранды

Бүгін қала ішінде көліктен өрт шықты. Жеңіл тұлпар жүріп келе жатып жанып кете жаздады. Бірақ, абырой болғанда оны жүргізуші дер кезінде байқап қалды. Қожайын дереу Мир көшесінің бойына тоқтап, жалынды өз күшімен сөндіруге тырысқан.Оны көрген тұрғындар өрт сөндірушілерді шақырды. Оқиға орнына келген екі бригада жалынды толық ауыздықтауға көмектесті. Зардап шеккендер жоқ. Тек көліктің алдыңғы бөлігі жарамсыз болып қалды.

Исламбек Кәрібеков – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері
«Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші өртті өзі сөндіріп үлгерген.Өрт орнына екі бірлік техника және 10 адам келді. Өрттің себебі матордағы  қысқа тоқтың тұйықталуынан болып табылады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture