Құттықтау Қайрат Сыздықұлы және Ләйлә Тұрсынбекқызы

Құрметті Қайрат Сыздықұлын 60 жас мерейтойымен және қымбатты Ләйлә Тұрсынбекқызын құрмет демалысына шығуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де елінің көшелі бір азаматы болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген ардақты Қайрат бұл күнде 60 жастың асқарына шықты. Еңбек жолыңызда шалқар шабыт, тартулы табыстар тілейміз. Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін «Өмір» атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы болыңыз! Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!
Керуенінде жүріппіз өмір көштің,
Куәсі болдық небір жиын-кештің.
Уақыт алға қарай зымырапты-ау,
Жасқа жас қосылуда тәуба досым.

Мұндайда жүрек тілек ақтарады,
Өзің үшін қуанып шаттанады.
Ұзақ жаса, қызық көр жан-жарыңмен,
Құтты болсын алпысың асқаралы.

Таудай биік тұлғаң әлі нар болсын,
Ұл-қызыңмен өмір толы сән болсын!
Елің үшін еткен еңбек еленіп,
Әрқашан да АЛЛАМ саған жар болсын!

Т/б: достарың: Жазбек-Үміткер.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture