Мерекелік демалыс төтенше оқиғасыз өтпеді. Металлург көшесінде үй өртенді. Қонақ бөлмеден шыққан түтін лапылдап жанып, жиһаздардың күлін көкке ұшырды. Бірақ, абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Бұл үйдің иелері күндіз сағат 11-де пешті жағып шығып кеткен.Алайда, үш сағаттан кейін қайтып келгенде 1 бөлмелі баспана қара түтінге оранған. Оны көрген қожайын бірден өрт сөндірушілерді шақырған. Мамандар төрт терезені сындырып, есікті айқара ашып тастап тілсіз жауды әзер ауыздықтады. Ол үшін 30 минут уақыт жұмсады. Жиһаздар мен киім-кешектердің барлығын далаға шығарды. Анықталғандай тілсіз жау пештен тұтанған.
Исламбек Кәрібеков – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері
«Үйдің иесі үйге келгенде есікті ашқан кезде түтінге оранған. Кейін өздері өрт сөндірушілерді шақырған.Өрттің себебі пешті дұрыс тазаламағандықтан және пештегі түтін шығатын құбырдың жарық болуынан пайда болған».


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login