Еске алу Айтбаева Тиыштық

Руы – Кәрсөн, ардақты ана Айтбаева Тиыштық Түскейқызының 10.03.2012ж.-10.03.2017ж. өмірден өткеніне 5 жыл болды. Сағына еске алып, мына өлең жолдарын арнаймыз:

Сіз кеткелі, сол қалпы, өмір мүлде,
Қыс келді, жаз да кетті, қоңыр күз де.
Бала-шағаң, аман-сау өсіп жатыр,
Жетпей тұрған Сіз ғана көңілімізде.

Кім-кімге де ақиқат өлім деген,
Таласқан биікпенен, тереңменен.
Тәуба етеміз, ошағыңның оты өшкен жоқ,
Ортамызда өзіңізді жоқ дегенмен.

Бар сағыныш тамшы боп ағар көзден,
Мәпелеп өсіріп-ең бәрімізді.
«Құлыным, ботақаным»-деген сөзің,
Кетер ме мәңгілікке есімізден.

Жатқан жерің жәннаттың төрі болып,
Жан Ана топырағың торқа болсын!
Иманың мәңгілікке жолдас болып,
Аруағың ұрпағыңды қолдай жүрсін!

Еске алушылар: Айтбаевтар әулеті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture