Құттықтау Жаппарбекқызы Дәметкен

Әулетіміздің ақ әжесі, өзінен кішінің Дәу Мамасы, аяулы анамыз Жаппарбекқызы Дәметкенді 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз.
Сізге осы бір мерекеде басыңызға амандық, деніңізге саулық тілей отырып, ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешуге тілектеспіз. Өз бақытын перзенттерінің қызығынан іздейтін Аяулы анамыз, әрқашан жүзіңізден мейірім кетпей, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз.

Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған,
Анадан қуат алған жарты ғалам,
Құны мен қасиеті тозбайтұғын,
Біз үшін Ана деген алтын адам.

Әкеміз осы күнді көре алмады,
Ішінде кетіп еді көп арманы.
Аруағы оның сізге ырза шығар,
Өзі еккен жайқалып тұр көк орманы.

Біздер үшін мәні ерекше күн бүгін
70 жастың белесінде жұлдызың.
Шын жүректен тілек арнап өзіңе,
Шашайықшы әсем әуен жыр гүлін.

Айымсың ғой, жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың, сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.

Қуанышқа, шаттыққа кенеле бер.
Көп болып немерелер, шөберелер.
Ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз.
Бәйтеректей мәуелі жайқала бер.

Тілек білдірушілер балалары: Берік-Сәкенай, Жанат-Бақытгүл, Жасұлан-Гауһар, Әсел, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture