Сүйікті де сүйкімді жиен немереміз Жанболат Жансерік Жанботаұлын 1 жасқа толуыңмен құттықтаймыз! Алла тағала зор денсаулық, тіл-көзден сақтап, ұзақ өмір берсін! Тәтті, қызықты қылықтарыңмен жанымызды қуанышқа бөлей бер!
Айналайын, балапаным, құлыным, тәй-тәй басқан қадамың құтты болсын! Пейілің дархан, мінезің кең даладай болсын.
1 жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты боп,
Мұратыңа жете бер.
Аппақ мейірім шуағын таратамын,
Бойтұмарым, ерке атқан дара таңым.
Қуантып аман-есен жүре берші,
Туған күнің құтты болсын, балапаным!
Тілек білдірушілер: нағашы апасы: Гүлбаршын, апа-жезделері, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login