Шаһарда соңғы 5 жылда тұрғызылмаған мұз қалашығы пайда болады. Орталық алаң жаңа жылға дейін ертегі әлеміне айналмақ. Онда студенттер мен оқушылар, кәсіпкерлер 40-қа жуық мұздан мүсіндер жасамақ ниетте. Тәуелсіздік алаңына кіре беріс жолға үш биік қақпа орнатылып, қасына жылдың 12 кейіпкері тұрғызылмақ. Ортаға үлкен Аяз ата мен Ақшақар, келер жылдың белгісі- Иттің мүсіні қойылады. Ұзындығы 15 метрді құрайтын екі сырғанақ бой көтереді және мұз айдыны жасалып, бүлдіршіндер үшін ертегі кейіпкерлері салынады. Әлеуметтік желінің белгілері де пайда болады. Мұз қалашығы толығымен 25 — желтоқсан күні аяқталады деп жоспарлануда.
Тұрбек Қиынбек- қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы :« Мұз қалашығын жасау жұмыстары мерекеден кейін басталады. Яғни ол 20-25 желтоқсан аралығында болады. Мұз қалашығының жасалу жұмыстарына студенттер, оқушылар , кәсіпкерлер қатысады. Осы жасаған жұмыстар аясында байқау ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login