Балқаш жаңалықтары 14 желтоқсан

Көлікті басқарған балқаштық тұрғын жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Қазір жүргізуші іздестірілуде. Жол апаты кеше түнгі сағат 11-де Рысқұлов көшесінің бойында болды. 67 жастағы зейнеткерді жол ортасынан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен.

Азынаған баспана! Қоңырат мөлтек ауданында ондаған отбасы өз үйлерінде тоңып отыр. Тұрғындардың айтуынша, жылу бар болғанымен, тым әлсіз. Соның салдарынан пәтерлері суып кеткен.

Балқашта желтоқсан айында 3 адам суицидтен көз жұмды. Бұл факті 1осы 5 күннің ішінде тіркелген. Сондықтан мамандар тұрғындарды психологқа дер кезінде жүгінулерін сұрайды. Осы айда өз-өзіне қол жұмсағандардың екеуі жасөспірім.

Балаларды ұрлауға қатысты ақпарат жалған болып шықты. Бүгін тәртіп сашқылары әлеуметтік желі арқылы түгел балқашқа тарап үлгерген мәліметті ресми түрде жоққа шығарды.

Балқашта биыл 18 нашақор есепке алынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 адамға аз. Ал ішімдікке салынғандар қатары болса, осы жылы 86 адамға толығыпты. Тәртіп сақшылары жаман әдетке салынғандарды, туысқандарының келісім бойынша емделуге жіберген.

Алда келе жатқан мереке күндеріне орай жергілікті полиция күшейтілген жүйеге көшті. Бүгіннен бастап тәртіп сақшылары қоғамдық орындарды бұрынғыдан бөлек жіті қадағалап, жол ережесіне аса мән беретін болады.Күн сайын жергілікті полиция қызметкерлері екі ауысымда тыныштықты қадағаламақ.

Бүгін ауа-райының қолайсыздығынан бірінші аусымда оқитын бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Таңертең сынап бағанасы -18 градусты көрсетіп, желдің соғу жылдамдығы секундына 10 метрге дейін жетті. Нәтижесінде ауа температурасы -26 градус ретінде сезілген.

Күндіз ауа райы минус 14 градусқа дейін көтерілді. Алайда, жел болғандықтан аяз қатты сезілді. Мұндай ауа райында тоңып, үспеу үшін не істеу керек? Бүгін біздің тілшілер қақаған қыста далада жұмыс істейтін тұрғындарпен кездесіп, қатып қалмаудың сырын білуге тырысты.

Бүгін бокстан қалалық турнир басталды.Оған Приозерск, Шашубай, Балқаш қаласынан жиналған 140 спортшы қатысуда.Жасөспірімдер 33 келі салмақ дәрежелеріне бөлініп үш күн бойы шаршы алаңда жұдырықтаспақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture