Көлікті басқарған балқаштық тұрғын жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Қазір жүргізуші іздестірілуде. Жол апаты кеше түнгі сағат 11-де Рысқұлов көшесінің бойында болды. 67 жастағы зейнеткер жол ортасынан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен. Оны алда келе жатқан такси байқап, ішкі істер бөліміне хабарлаған. Оқиға орнына келген полицейлер жерде жатқан тұрғынды көрген. Дереу жедел жәрдемді шақырған. Бірақ, дәрігерлер келгенше жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болды. Бастан келген соққыдан көп қан жоғалтқан. Ал қазір адамды қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде.Өйткені, жол апаты болған жерде бейнебақылау орнатылмаған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login