Балқаш Астананың 20 жылдығын тойлауды бастады. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы нақты шешім қабылдайды. Ол кезде Ақмола халқы бар болғаны 250 мың адамды құраған. 20 жыл ішінде бұл сан 4 есеге көбейді. Басқаланың мерейтойына орай кішкентай балқаштықтар сурет салудан байқау өткізді. Ақ қағаз бетіне Елорданың ең көрікті жерлерін бейнеледі. Ал кім үздік суретші атанды. Ол жайында келесі сюжетте.
13 жастағы Рақымжан Спабеков сурет салуды 3 жасынан бастаған. Арнайы үйірмеге қатыспаса да осы уақытқа дейін бірнеше жарыстардың жүлдегері атаныпты. Бүгінде жеңістен үмітті. Ақ қағазға Ақорданы, Бәйтеректі, Ханшатырды және Пирамиданы бейнелеуде. Алайда, Рақымжан Елорданың бұл сәнді ғимараттарын өз көзімен көрмеген екен.
Рақымжан Спабеков-№24 мектеп оқушысы
« Мен Астананың сәндігән өз көзіммен көре алған жоқпын. Мен көбінесе интернеттен қарап саламын суреттерді. Әрине барғым келеді. Және бүкіл сәндінің бәрін басқаның сөзінен емес, өз көзіммен көргім келеді».
Жас суретшілер байқауына 26 оқушы қатысты. Жарыстың шарты бойынша олар 1 сағаттың ішінде қысқы Астананы бейнелеп шығуы тиіс. Сурет салу кезінде кез-келген бояуды қолдануға рұқсат берілді. Ал қатысушылардың туындысын тәжірибелі суретші Билая Ирина бағалады.
Ирина Билая-Мәдени сауықтыру орталығының суретші көркемдеушісі
«Қатысушыларды графика, живопись номинациялары бойынша бағалаймыз. Тақырыптың ашылуын, бояулардың үйлесімділігін, баланың сурет салу қабілетіне мән береміз.
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қаланың бас сахнасында өтті. 8-10 жастағы қатысушылар арасында бірінші орын №1 мектеп оқушысы Данил Шевеньге бұйырды. Ал 11-13 жас бойынша №16 мектеп оқушысы Еркежан Сахабаева жеңіске жетті. Барлық жүлдегерлер дипломмен марапатталды. Ал сый ретінде тиын жинағыштар тарту етілді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login