Кеше Ленин көшесінің бойында екі көлік соқтығысты. Куәгерлер сол сәтті фотоға түсіріп, біздің редакциямызға жіберіпті.
Қоғамдық көліктегі жолаушылар тілсіз жаудан аман қалды. Алматы-Екатеринбург тас жолында қалааралық автобустан өрт шықты. Бірақ, абырой болғанда 13 жолаушы мен жүргізуші зардап шекпеді.
Келер 2018 жыл- Қоңырат жылы болмақ. Онда жолдар жөнделіп, балалар үшін ойын алаңдары тұрғызылады. Бірнеше жыл қараусыз қалған саябақ қалыпқа келтіріледі.Осындай құрылыс жұмыстарын іске асыру үшін қала әкімі Александр Аглиулин мөлтек ауданын аралап шықты.
Тыйым салынғанымен тыйылар емес. Балқаштық жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік тәртіпті бұзатын адамдарға қарсы тағы рейд жұмыстарын жүргізді.
Осы аптада суретшілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл мейрамды 2007 жылы «Әлем халқының өнері» халықаралық Ассоциациясы бекіткен.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login