«Қазақтың ұлттық ойыны – Асық ату» ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне кірді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сессия аясында Қазақстанның арнайы көрме бұрышы көрсетіліп, асық ойыны баршаға паш етілді.
Айта кетейік, номинацияға дайындықты ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Материалдық емес мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық Комитеттің сарапшылары және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі жүргізді.
Қазақстан материалдық емес ұлттық мұраны қорғау жөніндегі конвенцияны ратификациялағаннан бері (2011 жыл, желтоқсан) ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар репрезентативтік тізіміне ҚР қатысуымен 7 номинация ұсынылды: «Домбырада күй орындау» (2014 ж.), «Қазақ күресі» (2016 ж.), Қырғызстанмен бірлесе «Киіз үйді құру» номинациясы (2014 ж.) және «Айтыс/Айтыш өнері» (2015 ж.), сонымен қатар, «Наурыз» бойынша өтінім берген 12 мемлекеттің қатарына кірдік, «Бүркітпен аң аулау» (18 мемлекет), «Жұқа түрік наны» (5 мемлекет). Соңғы үшеуі тізімге 2016 жылы енді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login