Осыдан тура 39 жыл бұрын 5 желтоқсанда Балқашта «Факел» ескерткіші пайда болды. Оны бұрыңғы байыту фабрикасының орнына тұрғызған. Ол уақытта бұл жерде әлемдік тәжірибеде алғаш рет тотыққан кеннен мысты концентрат алына бастаған еді. Ал монументтің авторы Владимир Кузьмин. Ескерткіш комбинаттың 40 жылдық мерейтойына орай ашылған. Кейбір мәліметтер бойынша, оны біреулер ұрлап кетіп, кейін қайта орнына әкеліп қойған. Қазір бұл жер фотографтар мен туристердің сүйікті орны.
«Бұл ескерткіш сонау 30 жылдары шөл далаға келіп, қиындықтарға төзе білген алғашқы еңбек ерлеріне арналады. Олар халық шаруашылығына керекті өнім шығарды. Елдің қамын ойлады»-БКМК партия комитетінің хатшысы П. В. Мордвинов.
(«Балхашский рабочий» газеті. 5 желтоқсан 1978 ж.)
Сол жылы қыста Факелдің қасында «Балқаш осы жерде басталған» атты стелла пайда болады. Монумент авторы Константин Маковтың естелігі бойынша, оны Балқаш қаласының 40 жылдығына орай орнату керек еді. Алайда, бұл рәсім бір жылға шегерілген. Ал белгінің сол жағына ұсақ әріптермен төрт жол өлең жазылғанын екінің бірі біле бермес. Алайда, 90 жылдары ескерткіш жойылып кеткен. Содан тек 2006 жылы ескі нұсқасы бойынша қайта қалпына келтіріліпті. Қазір ол мемлекет қорғауында.
«Ескерткіштің нұсқасына қарай отырып, мен оған ұқсас затты көргенімді еске түсірдім. Әуежайға барар жолда осыған аумайтын белгі орнатылғаны ойыма түсті. Қайталамас үшін, мен оны құстың қанатына ұқсатып салдым» — БГМК еңбек ардагері, стелла авторы К. Макаровтың естілігі.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login