Балқашта анасы 1 жастағы баласын үйге жалғыз қалдырып кеткен. Оның шырылдап жылаған даусын естіген көршілері, полиция қызметкерлерін шақыртыпты. Қазір бүлдіршін инфекциялық бөлімде.
Көздері жәутең қаққан бүлдіршінді сенбі күні түнде анасы үйге жалғыз қалдырып кеткен. Ал баланың тоқтамай жылағанын естіген көршілер полицияға хабар беріпті. Тәртіп сақшылары құтқарушыларды шақыртып, есікті бұзып кірген. Содан қараусыз қалған 1 жастағы Максимді инфекциялық бөлімге жеткізіпті. Оны қарап шыққан дәрігерлер, денсаулығында еш ақау жоқ деп отыр.
Наталья Морозова-инфекциялық бөлімнің бас медбикесі
«Баланы тексеру кезінде одан ешқандай ауру түрлері табылмады. Денсаулығы жақсы. Өте белсенді бала. Бізбен сөйлесіп, ойнағанды жақсы көреді.
Бетін бүркеп отырған бұл келіншек 21 жастағы Максимнің анасы. Айтуынша, сол күні түнгі 23:30 да құрбысын күтіп алу үшін, автобус бекетіне кеткен. Сол шыққаннан түнгі 01:30 қайтып оралыпты. Алайда, ұйықтап жатқан баласын таппай қалады. Содан кішкентайын тәртіп сақшылары алып кеткенін естіп, ІІБ барған.
Анар Қасымжанова-кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор
«Анасы Балқаш қаласының ІІБ келіп, түсініктеме жазып кетті. Осы жағдайға байланысты баланың анасын есепке алдық. Біздің қадағалауымызда болады.
Қамқоршы орган өкілдері баласын қараусыз қалдырған анаға бұл жолы кешірім жасамақ. Деседе, ертең тұрмыстық жағдайымен танысу үшін пәтеріне барады. Тек содан кейін ғана кішкентайын анасына қайтару туралы шешім шығармақ. Ал, егер мұндай жағдай тағы қайталанатын болса, әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login