Тайғақтың салдары! Ауа-райындағы өзгеріс тағы 2 жол апатына себепші болды. Спицын көшесінде фургон мен жеңіл көлік аударылып қалды. Мына видеоны куәгерлердің бірі өзінің әлеуметтік парақшасына жүктеген. Кадрлардан көліктердің қалай аударылғанын анық көруге болады. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші тайғақтың салдарынан рөлге ие бола алмай қалған.
Юрий Снегуров – «Балхашэнерго» КМК бас инженері
«Аударылып жатқан көлікті көргеннен кейін жарық бағаналарына зақым келмегенін қарап шықтым. Фургонда ешкім болмады.
Ал мына фотоны куәгерлер біздің редакциямызға жіберген. Тура сол спицын көшесінде жеңіл көлік аударылып жатыр. Екі жағдайда да ешкім зардап шекпеген. Тек көліктерге зақым келді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login