Қорытынды жаңалықтар. 30 қараша 2017

1.Балқашта оқушы мектеп табалдырығынан құлап, жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Ол басынан ауыр жарақат алған. 11 жастағы баланың самай сүйегі сынған екен. Бас сүйек ішіне қан жиналып қалған. Дәрігерлер жедел түрде бас сүйегіне операция жасады.

2.Демалыс күні жол апатына ұшыраған жолаушының бірі палатаға ауыстырылды. Ал, кроссовер көлігінде болған ер адамның денсаулығы тұрақты. Бірақ, әлі екі адам жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Еске сала кетсек, демалыс күні Гүлшат кентінің қасында екі сағаттың ішінде үш көлік апаты болды.

3. Балқаштықтардың үрейін алған жарылыстың қайдан шыққаны анықталды. Жарылыс жұмыстары Спицын көшесінің аумағында жүргізілген. Жарылыста канализациялық құбыр тартып жатқан фирма жасаған.

4. Нұрсұлтан Назарбаев осыдан тура 25 жыл бұрын алғаш рет Балқаш қаласына ат басын бұрған. 30 қараша 1992 жылы мемлекет басшысы мысты сұйық ваннада қайнату әдісін игерген мысшылардың жетістігін көріп қайтқан. Ал соңғы сапарында балқаштықтармен бірге қаланың 70 жылдығын атап өткен болатын. Жалпы Елбасы Тәуелсіздік алғалы бері Балқашқа 7 рет келген.

5.Мәдениет сарайында дәстүрге айналған патриоттық форум өтті. Онда шаһар басшысы Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттаған 6 азаматқа алғысын білдірді. Сондай-ақ,   қала әкімінің «Өркен» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды.

6.Форумнан кейін қала тұрғындары әдеттегідей алып торттан дәм татты. Тұңғыш Президент күніне орай пісірілген тәттінің ұзындығы 3 метр.

7. Қала әкімі форумнан кейін ұзақ өмір сүрушілерді құттықтады. Қарттарға жылы лебізін білдіріп, әкелген сыйын тарту етті. Александр Аглиулин бірінші болып Козарь Марияның үйіне бас сұқты.

8. Балқаш тұрғыны шуылдақ көршілеріне шағым айтуда. Анықталғандай жоғары қабаттағы пәтер сағатқа, тәулікке жалға беріледі. Ал баспанаға келушілер онда ұрыс шығарып, айқай шуға басады екен. Түн ұйқысы төрт бөлінген тұрғында әбден ашулы. Ал бұл жағдайда қайтпек керек? Мазаны алатын көршілермен қалай күрессе болады. Оны тілші материалынан білейік.

9. Елімізде Қырғыз Республикасынан жеткізілетін кейбір тауар түрлеріне тыйым салынды. Бұдан былай Қазақстанда көрші елден келетін сүт, шұжық, кондитерлік, консервілі өнімдері сатуға болмайды.Бірақ, ескеру керек.Бұл жаза уақытша ғана және барлық азық-түліктерге қатысты емес.

10. Келер жылы үй кезегінде тұрған 100-ге жуық балқаштық қоныс тойын тойлайды. Қоңырат мөлтек ауданында қаңырап бос тұрған 2 көпқабатты үйді қайта қалпына келтіру басталды. Құрылыс жұмыстары аяқталысымен, ондағы пәтерлер баспанаға мұқтаж тұрғындарға беріледі.

11. Ал үй кезегінде жоқ балқаштықтар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерге ие бола алады. 10 мөлтек ауданында тұрғызылып жатқан 45 пәтерлі екі үй несиеге берілмек.

12. Балқашта латын қаріпіндегі алғашқы сөз пайда болды. Осы аптада мәдениет сарайының артындағы саябаққа биіктігі 2 метрлік әріптермен жазылған «Қазақстан» сөзі орнатылды.

13. Биыл Балқаш жылу электр станциясына 80 жыл. 1937 жылы Балқаш қала атағына ие болғанда, жылу орталығы да өз жұмысын бастады. Содан бері тұрғандарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етіп келеді.Бұрын онда тек екі қазандық жұмыс істесе, қазір 6-уы бір мезетте іске қосылады.

14. Күздің соңғы күні Балқаш аппақ қарға айналды. Таң сәріден бастап айналаны ақ ұлпа қар басып, күннің ызғар желі қайтты. Табиғаттың бұл құбылысы тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе балаларға. Нағыз қыстың алғашқы күнін келесі көріністен көрелік.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture