Балқашта 37 жастағы тұрғынды атып кетті

Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты үйдің алдында 37 жастағы тұрғынды атып кетті. Суық қарудан жапа шеккен азамат операциялық үстелде қайтыс болды. Қанды оқиға наурыздың 7 күні күндізгі сағат 14.00-де орын алған. Қолға түскен 29 және 32 жастағы екі күдікті өш алу үшін осындай әрекетке барған. Болжам бойынша, күдіктілердің бірі шолақ мылтықтан марқұм болған азаматқа оқ жаудырады. Бірінші оқ жәбірленушінің жанынан өтіп кеткенімен, екінші оқ кеуде тұсына барып қадалған. Ал кісі өлтіргендерді полицейлер көп ұзамай №7 мектептің қасынан құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Жасаған істерін мойындап отыр.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ- Қарағанды облысы ІІД МТАБ бастығы:
«Аталған факті бойынша ҚРҚК 99 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтар мойындау көрсетпе белгілерін беріп,уақытша ұстау изоляторына қамалды.Өзара келіспеушілік салдарынан жәбірленушігеоқ атқан».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture