Балқаш жаңалықтары 7 наурыз 2017

Мемлекеттің 11 млн астам теңгесін сыбайластарымен бірге оңды-солды шашқан жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директорына қатысты сот процессі басталды.

Арулар асыл жандар, жүрегі жарқын жандар! Биыл 8 наурызды әлем 107 мәрте атап өткелі отыр. Бұл мерекенің бастауы болып саналатын Копенгагендегі жұмысшы әйелдердің конференциясы 1910 жылы өткен болатын.

Қала әкімі ҰОС арадагерлері мен қала құрдасын айтулы мерекемен үйіне барып құттықтады. Ізгі тілегін жеткізіп, әкелген сыйын тарту етті.
Бүгін рейдке шыққан жергілікті полиция қызметкерлері көлік тізгіндеген әйелдер қауымын ереже бұзғаны үшін емес, халықаралық аналар күнімен құттықтау үшін тоқтатты.

Қарағанды облысында ерлерге қарағанда әйелдер көп. Статистика депратаменті осындай мәліметпен бөлісіп отыр. Нәзік жандар өңірдегі халықтың 53 пайызын құрайды екен.

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі- 8 наурыз! Бұл мейрамда әлемді нұрландыра түсетін әйелдер қауымына ер азамат барынша құрмет көрсетіп, сыйлықтарды табыстайды. Осы орайда балқаштық ерлер қауымы аруларға қанша қаржы жұмсауға дайын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture