Қымбатты Магираш Аспекқызы! Сені 50 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа — гүл, келбетіңе — нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа – жас қосылсын!
Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың — асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың — гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!
Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!
Туған күнің бақ әкелсін басыңа,
Өміріңде қайғырма да жасыма.
Туған күнің құтты болсын бүгінгі,
Қуанышпен өткізгейсің күніңді.
Жақсы ниет, нұр ниет қабыл болсын,
Ақ көңілге әрдайым жаның толсын.
Әрқашанда пәк көңілің гүлдей жайнап,
Жан жүрегің күн нұрындай ашық болсын.
Құтты болсын туған күн мерекең,
Жылдан-жылға арта берсін берекең!
Жүзге келген тойыңызда кездесейік,
Бала-шаға, ағайын, туған-туыс.
Т/б: анасы, аға — жеңгесі, бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login