Жолаушыны қағып кеткен жүргізуші сотталды.Жаяу жүргіншілер жолағында әйелді соққан 40 жастағы ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды.Енді ережені сақтамаған ол 80 сағат бойы түрлі қызметті атқарып, бір жыл көлікті басқара алмайтын болады.
Қазақстанда жаңа банкноттар пайда болды. Дизайны өзгертілген 500 теңгелік номиналды ақша айналымға шықты.Алайда, 2017 жылғы үлгідегі құнды қағаздың түрі мен көлемі сол беті қалды. Тек ондағы суреттер жаңарды.
Қалада қате жазулар жетерлік. Жарнама қағаздардың көбісі тек орыс тілінде. Ал мемлекеттік тілде жазып қойғандардың басымында граматикалық қате бар. Бүгін балқаштың көшелерін аралап шыққан арнайы мобильді топ осындай пікірді түйді.
Балқаштық Серік Жасұлан Сәкенұлы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің марапатына ие болды. Бір жыл бойы Отан алдындағы борышын шекара бекетінде мүлтіксіз атқарғаны үшін жерлесіміз екінші дәрежелі «Шекарашы қызметінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.
Биыл Балқаш медициналық колледжіне 65 жыл. Тарихы мектеп ғимаратыннан басталған оқу ордасынан бүгінгі күнге дейін 8 мың дәрігер түлеп ұшты.
Енді көлік жүргізуді онлайн түрде оқып алуға мүмкіндік бар.Елімізде осындай жаңа заң енгізілді. 1 желтоқсаннан бастап барлық көлікті жүргізуге үйрететін автомектептер жеке сайттарын іске қосса болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login