Жылдық ас Мұхамедияұлы Серғалы (Бапыш)

Ақтоғай өңірінің тумасы, Руы  Сарым-Еламан, Мұхамедияұлы Серғалы (Бапыш) әкеміздің өмірден өткеніне 1 жылдың жүзі болды.

Жылдық асы қараша айының 23 жұлдызында сағат 13.00-де Қарағанды қаласының ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ беріледі. Асқа әкемізді білетін барша жамағатты, құда-жекжатты, туған-туыстарды шақырамыз.

Әкеміз саналы ғұмырында адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жан болып, талай жыл қызмет атқарды.

Өз ісінің білікті маманы, Алла берген дарынының арқасында талай жанның дертіне шипа тауып, жанына араша бола білген, жаны жомарт, ақкөңіл, ақпейіл, ешкімнен қолдан келген көмегін аямайтын абзал азамат еді.

Өмір осы білмес әркез аяуды,

Көңіл осы көтеретін қаяуды.

Орның сенің бөлек еді біздерге,

Ардақты әке, асыл ата, аяулы.

 

Ешбір жанға зияның жоқ жан едің,

Сыйлаушы еді сені білген бар елің.

Тыныштық берсін жаныңа,

Арнауым осы айтатын.

Риза бол жан-жарыңа!

 

Көнеміз бұл тағдырдың салғанына,

Анамыз аман жүрсін ортамызда.

Жұлдыздай ағып өткен бұл өмірдің,

Бейнеңіз қалды, Әке, санамызда.

 

Жүруші едің ортамызды мәнді қып,

Жадымызда ісің қалды жаңғырып.

Жүрегінде ағайын мен туыстың,

Асыл бейнең сақталады мәңгілік.

Тағдырдың жазуына шек бар ма? Бүгінде әкемізді сағына еске алып, аруағына бас иеміз. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа, алдың пейіш, артың кеніш болсын, жан әке!

Хабарлаушылар: жұбайы – Күлнәзия, бауырлары, балалары, немерелері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture