Жылдық ас Шенгелбайұлы Тлеухор

«Өлі риза болмай – тірі байымайды».

Руы Аралбай – Жанқара, Шенгелбайұлы Тлеухор әкеміздің өмірден озғанына 1 жыл болады.

Марқұм әкеміздің аруағына құран бағыштап қарашаның 18-і күні сағат 12.00-ден бастап Мойынты ауылының «АЙТӨРЕ» дәмханасында жылдық асы беріледі. Асқа ағайын-туыс, құда-жекжат және әкемізді танитын барша жамағатты шақырамыз.

Бір жыл өтті кеткелі арамыздан жан әкешім,

Бейнеңіз өшпейді санамыздан.

Аруағыңыз әрқашан қолдап жүрсін,

Дұға арнайды арттағы бала-шағаң.

 

Бір Алланың жазғанына көніп біз,

Құран оқып, еске алып жүрміз біз.

Күлкіңді де, көркіңді де сағындық,

Мәңгілікке еске сақтап жүреміз!

 

Қадірлі әке мәпеледің, өсірдің,

Қатемізді жай ғана айтып өшірдің.

Қайран әке кең тынысты жүрекпен,

Балалық пен аңғалдықты кешірдің.

 

Арамыздан кеттің ғой әкетайым,

Күңгірт тартып қалды ғой күн мен айым.

Ақ ордаңда бас қосқан кезімізде,

Марқайып бір қалуш-ең келген сайын.

Ас берушілер: жұбайы – Аралтай, балалары, күйеу балалары, немере жиендері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture