Еске алу Досымбекова Барқұт Есдаулетқызы (әріптестері)

Құрметті де сыйлы болған әріптесіміз Досымбекова Барқұт Есдаулетқызының өмірден өткеніне 1 жыл болды. Әріптесімізді сағына еске аламыз.

Біз де, сізге рақым тілейік, Тәңірден,

«Орын берші» деп Жәнәттің Һақ төрінен.

Рахат тапсын, жерге тиген ақ тәнің,

Шапағаты төгілсінші, Алла өзі түсірген.

 

Өмір деген өте шығар сағымдай,

Қайтып келмес, қысқа қамшы сабындай.

Дүниеге келмек бар да, кетпек бар,

Қайтеміз енді, бұл заңына бағынбай.

 

 

Ортамызда жүруші-ең кеше ғана,

Сағынышпен жүрекке салдың жара.

Өкінгенмен келетұғын жоқ пайда,

Енді ғана қанғандаймыз көп жайға.

 

Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің.

Жатқан жерің жарық болсын,

Топырағың торқа болсын!

Шапағатың нұрға толсын!

Артыңдағы ұрпақтарың аман болсын!

Еске алушылар: Туберкулезге қарсы диспансер ұжымы

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture