1. Сейфуллин көшесінің тұрғындары мемлекеттен несие алып, көпқабатты үйлерін жөндеуде. Себебі шатырдан аққан су пәтер иелерін әбден шаршатқан. Содан олар ТКШ жағырту бағдараламасының көмегіне жүгініпті.
2. Тұрмыстық өрттердің өршитін кезі-қыс мезгілі. Өйткені, бұл уақыттарда үй жылытатын пештер іске қосылады. Мысалы былтыр жер үйде 4 өрт оқиғасы тіркелген. Оның үшеуі Техснабта болды.
3. Әлемде жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбісінде темекіден бас тарту күні аталып өтеді. Бұл датаны Америкалық онкологиялық қоғам 1977 жылы бекіткен. Бүкілдүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының мәліметінше әр 10 секунд сайын шылым шегетін бір адам көз жұмады.
4. Күйзелістен қалай дұрыс арылған жөн? Қандай жаттығулар жасау керек? Психологиялық техниканың осындай жаңа түрі «Ботажан» сауықтыру орталығында іске асты. Оны балалар практика жүзінде қолданып көрді.
5. Ас иесімен тәтті. Балқаш сервис колледжінде торт пісіруден сайыс өтті. Бұл жолы жас аспаздар жолда жүру ережесін тәтті арқылы көрсетіп бақтарын сынады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login